Ақмола облыстық мәслихаттың депутаты Е. Мащинская мүгедектерге қолдау көрсетуде

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, Қазақстан аспаздары Қауымдастығының президенті, кәсіпкер Елена Мащинская «Кедергісіз келешек» жобасына сәйкес жарымжандарды жұмысқа орналастыру бойынша белсенді қызмет атқаруда. Оған оның бүгінгі күні атқарып жатқаны игі істерінің нәтижесі айқын дәлел бола алады.

Бүгіндері Е.Мащинская басқарған республикалық аспаздар Қауымдастығы «Бота» қорының грантына ие болып, «аспазшы-кондитер» мамандығына керең және құлағы нашар еститін жастарды оқыту бойынша әлеуметтік жобаны жүзеге асырды. Онда мамандар үшін арнайы сертификаттар тапсырылып, курстар ұйымдастырылған болатын. Мұндағы жастардың көбі кейін Елена Мащинскаяның кәсіпорнына - «Той-Дастархан» ЖШС-не тұрақты жұмысқа орналастырылды.

«Тәжірибені өткеннен кейін мен мүгедектер үшін жұмыс орындарын жасауды ойластырған болатынмын. Мүмкіндігі шектеулі жандар өздерін жұда болып сезінбеу үшін, өз күшімен, ақылымен күнкөрістерін табу үшін қол ұшын дер кезінде созу өте маңызды. Бүгінде менің нан-тоқаш пен кондитерлік өнімдерін шығаруға бағытталған кәсіпорынымда жеті мүгедек жұмыс істейді. Біз соларға арналған дәрігерлер кеңестерін орындаймыз. Жарымжандар ерінбей-жалықпай еңбектенеді, өздерін қажетті мамандар екендерін сезінулері олар үшін маңызды. Қарым-қатынастағы кейбір ерекшеліктер әрине бар, алғашқыда сурдоаудармашының көмегі де қажет болған, қазір біз бір-бірімізді түсінеміз, - дейді Елена Ивановна.

Қамқорлыққа алынған адамдар туралы Елена Мащинская ерекше жылулық-мейіріммен айтады: «Олардың әрқайсысы дарынды - бірі спортшы болса, басқалары талантты суретшілер, музыканттар. Бұл кең жүректі игі жандар. Мүгедектер алдында күн сайын пайда болатын ауыртпалықтарды көтеру - әркімнің қолынан келе бермейді. Оларды ешкім жалған сөйлеуді, ұрлауды немесе жасыруды үйретпеді. Мүгедектер басқа адамдармен қатынасты аңсау салдарынан олар үшін қарапайым ілтипат өте қымбат. Бір ретте мен қызметкерлеріме фирмалық күртешелерді әкелгенде, сыйлығым сондай қуанышпен қабылданды...».

Сонымен қатар, Елена Мащинская басқаратын кәсіпорнында жұмыс істейтін мүмкіндіктері шектеулі жастар отау құрып отырғанын да айта кеткен жөн. Жақында осында еңбек ететін екі жастың үйлену тойы өтпекші.

Елена Мащинскаямен еңбектестігі туралы жұмыскерлер ерекше көңілмен пікірлерін білдіреді. Депуттатың өзі де осындай қарым-қатынасқа өте риза.

«Өмірімде осы ақкөңіл, белсенді азаматтардың барына қуаныштымын. Зар қақсап отырмай, олардың мәселелерді шешудегі қайраттылығына, ішкі жан қуатына көбі қызыға қарауы да мүмкін, өз ынталарымен олар басқаларды жігерлендіреді», - дейді Е. Мащинская.

Еске сала кетсек, жалпы, «Кедергісіз келешек» жобасы шеңберінде бүгінде аймақта 120-дан астам денсаулығына байланысты мүмкіндігі шектеулі адамдар жұмысқа орналыстырылды.

Облыста шамамен 27 мың мүгедек тұруда, соның ішіндегі еңбекке жарамды жастағы мүмкіндігі шектеулі жандардың саны 18,5 мыңды құрайды.

Әр аптаның сәрсенбісінде облыстағы партияның қоғамдық қабылдау бөлмелерінде мүгедектерді жұмысқа орналастыру және құқығын қорғау мәселелері қарастырылады.

Соңғы жаңалықтар