Ақмола облыстық құрылыс басқармасындағы заң бөлімінің басшысы пара алғаны үшін ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар Ұлттық бюросы Ақмола облысы департаменті облыстық құрылыс басқармасындағы заң бөлімінің басшысы Д.Қасеновті ұстады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметінен.

«Өкілетті тұлға бопсалау жолымен жеке тұлғадан оны әкімшілік жауапкершілікке тартпауы үшін 100 мың теңге көлемінде пара алғаны анықталды. Қазіргі кезде Д.Қасенов Көкшетау қалалық ІІБ уақытша оқшаулағышына қамауға алынды», - делінген хабарламада.

Сот алдындағы тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар