Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасының ұжымы 1-сыныпқа баратын оқушыларға құрал-жабдықтар сатып әперді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - «Мектепке жол» акциясы аясында Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасының ұжымы биыл бірінші сыныпқа баратын оқушыға 40 мың теңгенің көлемінде қажетті құрал-жабдықтар сатып әперді.

Бірнеше оқушысы бар отбасына балаларын мектепке дайындау қиынға соғатыны анық.  Осы орайда, облыстық ішкі саясат басқармасының ұжымы 40 мың теңге ақша жинап, Көкшетаудың іргесіндегі Станционный кентінде тұратын Кәрім Ағысованың бірінші сыныпқа баруына қажетті құрал-жабдықтар сатып алуына көмектесті.

Сонымен қатар, облыстық ішкі саясат басқармасы Кәрім Ағысованың мектеп қабырғасында оқып жүрген кезінде ұдайы көмек көрсетіп отыруға бастамшылық танытып отыр. Бұл өз кезегінде мемлекеттік қызметшілер үшін жақсы дәстүрге айналмақ. 

null  

Соңғы жаңалықтар