Ақмола мен Солтүстік Қазақстан облыстарындағы жолдар жабылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Боранға байланысты Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы республикалық маңыздағы жолдар жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Қазақавтожол" ЖШС мәліметіне қарағанда, бүгін сағат 08:00-ден бастап «Екатеринбор-Алматы» жолының 1007-1247 шақырымындағы Атбасар мен Астана аралығында көлік қозғалысына шектеу енгізілді.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта «Астана-Петропавл» автожолындағы елорда мен Көкшетауға дейінгі учаске де жабық тұр.

Мұнымен қоса, Көкшетау мен Петропавл аралығында да барлық көлік түрлері үшін қозғалысқа тыйым салынды.

Соңғы жаңалықтар