Ақмола мен СҚО-да коронавирустан жазылып шыққандың үлесі 75 пайыздан асты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда кейінгі жеті күннің ішінде 1386 адам коронавирус жұқтырып, 1711 адам жазылып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Сoronavirus2020_kz ресми ақпарат көзінің Telegram арнасына сілтеме жасай отырып.

«Қазақстанда кейінгі жеті күннің ішінде 1386 адам коронавирус жұқтырып, 1711 адам жазылып шықты. 11 адам көз жұмды. 7 күннің ішінде орташа өсім 2,3 пайызды көрсетіп отыр.

Вирус жұқтырғандар ең көп тіркелген қалалар мен облыстардың алдыңғы қатарында Нұр-Сұлтан (247), Алматы қаласы (203), Қарағанды облысы (197), Батыс Қазақстан (140) мен Атырау облысы (97) тұр.

Ең аз тіркелген өңірлердің бестігін Солтүстік Қазақстан (5), Ақмола облысы (9), Түркістан облысы (16), Қостанай облысы (18) мен Жамбыл өңірі (43) құрайды» делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта елде коронавирус жұқтырған 12694 адамның 7135-і аурудан жазылған. 53 адам мерт болған.

Өңірлер бойынша сауығып шыққандардың үлесі төмендегідей (пайыз елдегі жалпы науқастардың саны бойынша есептелген):

Алматы қаласы - 1801 (25,2%);

Нұр-Сұлтан - 1374 (19,3%);

Атырау облысы - 769 (10,8%);

Қарағанды облысы - 442 (6,2%);

Шымкент - 412 (5,8%).


КВИ белсенділігі өршіп тұрған өңірлер:

Нұр-Сұлтан – 1071;

Алматы қаласы – 1039;

Қарағанды облысы – 682;

Шымкент – 520;

Атырау облысы – 431.


КВИ белсенділігі төмен өңірлер:

СҚО – 16;

Ақмола облысы – 33;

Павлодар облысы – 82;

Қостанай облысы – 82;

Шығыс Қазақстан облысы – 121.


Сауығып шыққандардың үлесі бойынша алдағы тұрған өңірлер:

Ақмола облысы - 78,9%;

СҚО - 75,0%;

Павлодар облысы - 66,1%;

Түркістан облысы - 64,8%;

Атырау облысы - 64,0%.


Соңғы жаңалықтар