Ақмола мен Қостанай фермерлері еккен егінінің 50% жоғалтудан қауіптенеді

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақмола мен Қостанай фермерлері еккен егіннің 50 пайызын жоғалтудан қауіптенеді. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚазАқпарат министрлікке бүгінге дейін киік қай өңірлердің ауыл шаруашылығы дақылдарын өндірушілеріне үлкен шығын келтіргенін сұрап сауал жолдаған болатын.

Ведомство жауабында негізінен үш облыстың зардап шегіп отырғанын атады.

«Облыс әкімдіктерінің ақпаратына сәйкес, негізгі зардап шеккен өңірлер - Ақмола, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстары болып отыр. Бұл аймақтардың ішінде Ақмола мен Қостанай облысы себетін негізгі дақыл – бидай. Бүкіл дәнді дақылдардың 55 пайызы осы екі обылста өседі. Фермерлер еккен егінінің 50 пайызын жоғалтудан қауіптеніп отыр», - деп жауап берді министрліктен.

Ал ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің дерегінше, Батыс Қазақстан облысында 6,7 мың гектар, Ақмола облысында - 141,9 мың гектар, Қостанай облысында - 49,6 мың гектар егістік алқапты киік таптап кеткен.


Соңғы жаңалықтар