Ақмола мектептерінде өлкетану пәні оқытыла бастайды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда «Өлкетану» оқулығы жобасының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңартылған мазмұн бойынша негізгі жəне орта білім деңгейіндегі 5-7 сынып оқушыларына бұл оқу курсын жүзеге асыру үшін 20 оқу сағаты қарастырылған.

Оқулық авторларының тобына экология, туризм жəне өлкетану саласындағы тəжірибелі мамандар, пəн бойынша педагогтар кірді. Олардың арасында Көкшетаудағы Ж.Мусин атындағы педагогикалық колледж директоры Нұртас Ахат, Ақмола облысының тарихи-өлкетану мұражайы директорының орынбасары Алма Құнанбаева, Ш.Уəлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің педагогика ғылымдарының кандидаты Иван Плачинта, «Келешек 2030» баспа үйінің редакторы Шағбан  Бектасов, өңірге танымал педагог жəне публицист Əлия Ахметова бар.

5-7 сыныптарға арналған оқу құралдары жобасы Қазақстан тарихы, қазақ әдебиеті, география жəне музыка пəндерін біріктіруде маңызды болмақ.

«Жаңа оқулық оқушыларға шыққан тегін, туған өлкенің тарихы мен дәстүрлерін біліп, зерттеуге жəне бүгінгі мен келешек туралы ой түйіндеуге мүмкіндік береді. Патриотизм, рухани, ұлттық сана бүгінгі қоғам үшін аса қажетті құндылықтар», - деп атап өтті Алма Құнанбаева жаңа оқулықтың тұжырымдамасында.

Ақмола облысындағы мектептерде өлкетану сабағы 2018-2019 оқу жылының екінші жартыжылдығынан бастап оқытыла бастайды.

Соңғы жаңалықтар