Ақмола қыздар баскетбол командасы ел чемпионы атанды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының қыздар баскетбол командасы ҚР чемпионатында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, Щучье қаласында 2003-2004 жылғы қыздар арасында Қазақстан чемпионаты өткен.

Жарысқа еліміздің әр өңірінен үздік командалар қатысты. Жеті ойын өткізіп, оның барлығында да жеңіске жеткен Ақмола облысының қыздар командасы тұңғыш рет ҚР чемпионы атанды. Финалдық кездесуде алаң иелері Ақтөбе облысының құрамасын 62-44 есеп айырмасымен жеңді.

Чемпионаттың ең үздік ойыншысы атағына ақмолалық Кəмилə Ибрагимова лайық деп танылды. Жеті ақмолалық баскетболшы қыз ұлттық құрама сапына енді. Ақмолалық баскетболшылар Қажымұқан атындағы №3 облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде тәрбиеленуде. Жаттықтырушылары - Татьяна Волкова және Виктория Волкова.

«Чемпионатқа мықтап дайындалдық. Кей қыздарымыздың осы жарыста жасындай жарқырауына үлес қосқан алғашқы жаттықтырушылары Антон Козлов, Оксана Козлова, Наталья Рудь жəне Индира Успановаға алғыс білдіремін. Бұл - біздің ортақ жеңісіміз!», - дейді Т.Волкова.

Еске сала кетейік, 2018 жылдың қарашасында Ақмола облысының 2003-2004 жылғы қыздар баскетбол командасы үшінші орын алған болатын.

null

Соңғы жаңалықтар