Ақмола, Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарында боран соғады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сенбі, 9 қарада Ақмола, Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.
Ақмола облысының кей жерлерінде көктайғақ болады, бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с, түнде және таңертең екпіні 25 м/с дейін күшейеді.
Астана қаласында көктайғақ болады, бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні түнде және таңертең 15-20 м/с күшейеді.
Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, көктайғақ, тұман, солтүстік-шығыстан жел 15-20 м/с күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр аралас қар жауады. Облыстың кей жерлерінде бұрқасын соғады, тұман түсіп, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, кей жерлерде 25 м/с дейін күшейеді.
Өскемен қаласында жаңбыр жауып арты қарға ұласады. Бұрқасын соғады, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан 15-20 м/с күшті жел соғады.
Семей қаласында қар аралас жаңбыр жауады, бұрқасын соғады, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
- Қар, боран, көктайғақ: Демалыс күндеріне арналған ауа райы
- Биыл ШҚО-да 582 тұрмысы төмен отбасы баспаналы болады
- Қостанайда 94 жастағы ардагер кісі өлтіргені үшін сотталды
- Қостанайда із-түзсіз жоғалып кеткен жігіт табылды
-
Мәлік Ғабдуллин мұраларының өскелең ұрпақты тәрбиелеуде маңызы зор
-
ШҚО-да әскери қызметші жанып жатқан үйден 15 адамды алып шықты
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам