Ақмола гинекологтары жатырды тіліксіз алып тастау әдісін қолдануда

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының дәрігерлері жатырды тіліксіз алып тастаудың қазіргі заманғы әдісін қолдануда, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА тілшісі. 

Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мəліметінше, Астана қаласындағы №2 облыстық ауруханада акушерлік жəне гинекология мəселелері бойынша ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.  

null 

Шараға облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бибігүл Иманқұлова жəне өңірдегі медициналық мекемелердің бас дəрігерлерінің орынбасарлары мен акушер-гинекологтары қатысып, тәжірибе алмасты.

Конференцияға жиналғандар алдында профессор Серік Ысқақов тəрізді тəжірибелі мамандардың баяндама жасап, жүктілік кезінде іштегі баланың жағдайы мен босану туралы, қазіргі  заманғы жедел гинекология, сондай-ақ, жүктілік кезінде, босану жəне босанғаннан кейін қан кетуді емдеу, алдын алу əдістері туралы ой-пікірлерімен бөлісті.

null

Сонымен қатар, профессор, акушерлік жəне гинекология кафедрасының меңгерушісі Серік Ысқақов облыс акушер гинекологтарына лапароскопиялық гистерэктомия бойынша шеберлік сабағын өткізді.

Профессордың айтуынша, лапароскопиялық гистерэктомия - бұл лапароскопиялық жол бойынша жатырды алып тастау əдісі. Бұл ауруды асқындырмай, науқастың тез сауығып кетуі үшін таптырмас əдіс болып табылады.

null

"Аталмыш əдіс бойынша ота 0,5-1 сантиметр тілік арқылы енгізілген лапароскоп - оптикалық құралдың көмегімен жүзеге асырылады. Бұл  жараның отадан кейін тез бітіп, науқастың қысқа мерзімде, яғни, 3-4 күннің ішінде сауығып кетуіне мүмкіндік береді. Сондай-ақ, науқасқа отадан кейін ауырсынуды басатын дәріні беру қажет етпейді", - деді С.Ысқақов.

null

Соңғы жаңалықтар