Ақмола диқандары биыл 4,7 миллион гектар алқапты межелеп отыр

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Биыл ақмолалық диқандар 4,7 миллион гектар алқапта көктемгі егістік жұмыстарын жүргізбек.

Бұл туралы облыс әкімі Қосман Айтмұхаметовтің төрағалығымен өткен мәжілісте мәлім болды.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Аманбек Қалжановтың айтуынша, биылғы көктемгі егістік жұмыстарға ақмолалық диқандар қызу кірісіп те кеткен. Тек, кейбір аудандарда тұқымның сапасы төмен демесе, жалпы егістік жұмыстарын ойдағыдай жүргізуге жеткілікті көрінеді. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы техникасын дайындауға қатысты біраз мәселелер туындап отырған сыңайлы. Ол үшін бюджеттен облыстың егіншілік шаруашылығын дамытуға 9,2 миллиард теңге субсидия бөлінген.

«Биыл облыс бойынша 4,7 миллион гектар алқапта көктемгі егістік жұмыстары қолға алынатын болады. Әсіресе, осы арада майлы дақылдарға көп көңіл бөлінбек. Оның көлемі 271,1 мың гектарды құрайтын болады. Бұл былтырғы жылғы деңгейден 18,9 мың гектар жоғары. Ал азықтық дақылдар 216,6 мың гектар, көп жылдық шөп 528,3 мың гектар жерге сіңірілетін болады. Сондай-ақ, облыс бойынша 18,4 мың гектар жерге картоп, 4,4 мың гектар алқапқа көкөніс отырғызу жоспарланды», - дейді А.Қалжанов.

Соңғы жаңалықтар