Ақмола дəрігерлері ауыр жарақат алған келіншектің өміріне араша түсті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының дəрігерлері аса ауыр жарақатпен ауруханаға түскен əйелдің өмірі сақтап қалды, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА тілшісі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мəліметіне қарағанда, мамыр айының ортасында Көкшетау қаласының тұрғыны жас келіншек мотокультиватордан жарақат алған. 

"Жұмыс істеп тұрған мотокультиватордың үстіне құлаған келіншекті құтқару үшін ақ халатты абзал жандар барын салған. Құтқарушылар келіншектің сан етіне кірген мотокультиватордың пышағының бір бөлігін ғана алған. Қалған бөлігін алу үшін шұғыл Ақмола облыстық ауруханасына жатқызған. Дəрігерлер зардап шеккен келіншектің жамбас сүйегі сынып, бірнеше жерден жарақат алғанын анықтады. Сан етіне кірген металл сынығын алу үшін дәрігерлердің науқасқа бірнеше рет ота жасады. Жеті күн жасанды демалу аппаратына қосылған келіншектің жағдайын дəрігерлер қалыпты деп бағалауда", - делінген баспасөз баянында. 

Соңғы жаңалықтар