«Ақмола барысына» 1 млн теңге сыйақы берілді

Фото: None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда «Ақмола барысы» турнирі өтіп, ең мықты палуан анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ақмола барысы» чемпионы атағын көкшетаулық палуан Леонид Станеев жеңіп алды. Екінші орынды Бұланды ауданынан келген Алдаберген Толстой иеленді. Біржан сал ауданының өкілі Елуан Оспанов қола жүлдегер атанды», - деп хабарлады облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен.

Ведомстводан атап өткендей, «Ақмола барысы» атағына ие болған палуанға 1 млн теңге, екінші және үшінші орын алғандарға 700 және 500 мың теңгеден ақшалай сыйлық берілді.

Ақмола облысының үздік екі палуаны - Леонид Станеев пен Алдаберген Толстой «Қазақстан барысы» республикалық турнирінде Ақмола облысының намысын қорғайтын болды.

Ақмола облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, жарысқа облыстың əр өңірінен келген 20 палуан қатысты. Олардың арасында әуесқойлармен бірге кәсіпқойлар да бар. Боз кілемге қазақ күресімен айналысып жүрген палуандардан бөлек, самбошылар, дзюдошылар, сондай-ақ еркін және грек-рим күрес шеберлері де шықты.

Еске сала кетсек, Шымкентте грек-рим күресінен Азия чемпиондарына 1 млн теңгеден берілген болатын.



Соңғы жаңалықтар