«Ақмола - Астана - Нұр-Сұлтан»: Қала тарихын баяндайтын жаңа жоба таныстырылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Еліміздің қалыптасу тарихынан бастап, елорданың Нұр-Сұлтан аталуына дейінгі тарихи кезеңді баяндайтын жаңа жобаның тұсауы кесілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Веб-сайт 1991 жылдан 2019 жылға дейінгі барлық елеулі оқиғалар мен мұрағаттық және бейнематериалдар негізінен құралған.

Жобаны жасаушы шығармашылық топ мүшелерінің айтуынша ресурс мәтін және бейнефильммен қатар жаңашыл мультимедиялық әмбебап форматта әзірленген.

«Біз өзгерістер дәуірінде өмір сүріп жатырмыз. Елімізде елеулі тарихи оқиғалар орын алуда. Біз ел дамуындағы жаңа кезеңнің куәсі болып отырмыз. Командамыз Қазақстанның барлық басты оқиғаларын бейнелеуге талпынды. Бұл веб-жобада - еліміздің қалыптасу тарихын басты оқиғалардың тізбегі арқылы таныстыруға тырыстық. Цифрлық әлемде өмір сүріп, ақпарат алып отырған өскелең ұрпаққа еліміздің тарихы хронологиялық ретпен, қарапайым әрі жеңіл сөздермен жеткізіледі», - деді «Қазконтент» АҚ-ның басқарма төрағасы Думан Қожахметов ОКҚ-де өткен баспасөз қызметінде.

Оның айтуынша, алдағы уақытта веб-дерек жобасы тарихымызда орын алатын маңызды оқиғалармен толықтырылып отыратын болады. Ондағы негізгі ерекшелік сайттың жүйелі және жаңа форматта болуы, сондай-ақ, қысқа әрі нұсқа болуында.

«Біздің мақсат - тарихты түсінікті тілмен, артық пафоссыз насихаттау. Жоба 2016 жылы қолға алынған болатын, оның жасалуына 10 адам қатысты. Веб-деректер сайтында елорда тарихына қатысты бұрын соңды жарияланбаған 100 фото жүктелді. Бұл Астана және Алматы қаласының архивтерімен біріккен жұмыстың нәтижесі», - деді ол.

Веб-деректі жоба қазақ және орыс тілінде Astana-Nursultan.web-doc.kz сілтемесінде қолжетімді.

Соңғы жаңалықтар