Ақмола әкімі соғыс ардагерінің кітабын жарыққа шығаруға көмектесуді тапсырды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев жұмыс сапарымен Аршалы ауданында болып, бірқатар өндіріс орындарын, әлеуметтік нысандарды аралап көрді және атқарылып жатқан жұмыс жайымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аймақ басшысы сапарын Михайловка селосында тұратын соғыс ардагері Георгий Беляевтің үйіне кіруден бастады.

Георгий Семенович 2-ші әуе күштері армиясында Воронеж бағытындағы соғысқа қатысқан. Содан кейін милитаристік Жапонияға қарсы ұрыс қимылдарына да бастан-аяқ қатысып, соғыс сұрапылдарын өз көзімен көріп, куәсі болды. Туған жерге оралғаннан кейін ол 30 жылдай мектеп директоры болып, жас ұрпақты тәрбиелеуге атсалысыпты. Бүгінде зейнет демалысындағы майдангер бастан кешкендері туралы кітап жазған екен. Облыс басшысы ауыл әкіміне ардагердің кітабын жарыққа шығаруға көмектесуді тапсырды.
null

Аршалы кентінде өңір басшысы аудандық ауруханада болып, медицина қызметкерлерімен жүздесті.

«Сіздерде акушер жетіспейтіндігін білемін. Сырттан маманды тарту үшін ең алдымен баспана мәселесін шешу қажет. Бұл мәселені шешудің мүмкіндіктерін қарастыру қажет», - деп аудан әкіміне осы мәселені шешу керектігін ескертті.

Сондай-ақ, облыс басшысы сметалық-жобалық құжаттары жасалған аурухана ғимаратының кіре берісін жөндеуге кірісу қажеттігін ескертті.

Облыс әкімі блоктық-модульді қазандықтың құрылысымен танысты. Қазандық құрылысына 133 миллион теңге қаржы бөлінген. Ол 30 мың шаршы мерт алаңды жылытады. Қазандыққа әлеуметтік нысандармен бірге, біраз көп пәтерлі үйлер қосылмақ. Жаңа қазандық іске қосылғанда ескі жеке 4 қазандықтың жұмысы тоқтатылып, экологиялық жағынан да жағымды ықпалы болмақ.
null

Жібек жолы ауылында өңір басшысы Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы мектепке жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарын көрді. Оған 158,2 миллион теңге қаржы бөлініпті. Жөндеу жұмыстары 15 тамызға дейін аяқталады деп жоспарланған. Осы елді мекендегі қоқыс қалдықтарын өңденйтін кешен құрылысымен танысқан облыс басшысына тереңдетіле өңдейтін шетелдік технологиямен жұмыс істейтін кәсіпорын туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сондай-ақ, селода демалыс аймағы салынбақшы.

Ермек Маржықпаев дәрігерлік амбулаторияның қызметі мен автокөлік жолына жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының барысын қарап көрді. 35 шақырымдық автокөлік жолын жөндеуге бюджеттен 2 миллиард 535 миллион теңге қаржы бөлінген. «Сіздердің ең басты міндлеттеріңіз - жұмысты белгіленген кестеге сай жүргізіп, сапаға жете назар аудару» деді облыс басшысы.

Жұмыс сапарының соңында өңір басшысы Есіл өзенінің су тасуына байланысты қауіп төндіретін аумағында болып, жақын маңдағы үйлерді су басудан сақтау шараларына назар аударды және «Ижевский» өндірістік кооперативінің жұмысшыларымен кездесті.

null null null

Соңғы жаңалықтар