+7 (701) 759 90 19
USD 389.98 EUR 434.01
RUB 6.10 CNY 55.04
Jańalyqtar

Ақмола әкімі Сандықтаудағы нысандардың жағдайымен танысты

2019 жылғы 26 маусым 19:15
Бөлісіңіз:
Ақмола әкімі Сандықтаудағы нысандардың жағдайымен танысты

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев жұмыс сапарымен Сандықтау ауданы және Степногорск қаласында болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сапар барысында аймақ басшысы жаттықтырушылар ұжымымен, жас спортшылармен әңгімелесіп, оларға оқу мен үлкен жарыстарда табысты болуларына тілектестік білдірді.

Сондай-ақ, облыс әкімі Шаңтөбедегі балалар бақшасының, мектептің, арнайы әлеуметтік көмек көрсету орталығының, Балкашин ауылындағы мектептер мен аудандық аурухананың тыныс-тіршілігімен танысты. Мұнда кадр мәселесінің өзектілігне назар аударылды.

Әлеуметтік көмек көрсету орталығында 2018 жылы 560 миллион теңгенің күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Тұрғындар әлеуметтік тұрғыдағы қолайлықтардың ауқымы кеңейгеніне алғыстарын білдірді. Орталықты ем-шаралармен қатар еңбек терапиясына да көңіл бөлінеді.

Аймақ басшысы «Шаңтөбе-энергокомплекс» ЖШС-не қарасты жаңа қазандықтың жұмысымен танысты. Бұл нысанға «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 1,2 миллиард теңге инвестиция бағыталған. Кәсіпорын директоры Руслан Птухов қазандықтың былтырғы қысқы маусымда кідіріссіз жұмыс істегенін және шығынның 38-40 пайызға төмендегенін баяндады. Сонымен бірге, облыс басшысы 56 шақырымдық «Шаңтөбе-Балкашин» жолының жөндеу жұмыстарына ден қойды. Былтыр жолдың 11 километрі жөнделсе, биыл тағы да 20 километрі жаңартылды.

Облыс әкімі Балкашин ауылындағы «Халал» цехының жұмысына оң бағасын берді. Аталған шағын кәсіпорын «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасының шарапатын көріп отыр. Мұндағы манты, түшпара, чебурек, шешен тоқаштары тұтынушылар сұранысындағы өнімдердің бір парасы ғана. Бұл орайда, цех басшысы Седа Умарованың өндірісті сауын сиыр фермасын ашу арқылы дамыту жоспары көңілден шығады.

Ермек Маржықпаев Сандықтау ауданының әкімі Асқарбек Үйсімбаевқа жаппай кәсіпкерлік қозғалысын өрістету, бұл үшін «қарапайым істер экономикасы» жобасы бойынша несиелендіру тетіктерін кеңінен түсіндіру қажеттігі туралы тапсырма берді.

Өңір басшысы Максимовка ауылында ауыл шаруашылығы өндірісінің білгір ұйымдастырушысы, танымал меценат, «Свободное» ЖШС директоры Александр Закусиловпен кездесті. Шаруашылық өз қаржысына қоғамдық монша және барлық қолайлылықтар қарастырылған 10 тұрғын үй «қалашығын» пайдалануға берген.

«Біз аса қажетті әлеуметтік нысандарды кәсіпорын пайдасы есебінен тұрғыздық. Бұл ақшаны тұрғындар өз еңбегімен тапқан. Сондықтан, заманауи игіліктеді де соларкөруі керек» дейді серіктестік басшысы.

Осы ретте, баспана қуанышына бөленгендер қатарында кәсіпорын қызметкерлімен қатар, көпбалалы аналар, мектеп мұғалімдері барлығын айтқымыз келеді.

Ермек Маржықпаев Александр Закусиловқа ризалығын «Үлкен әріппен жазылатын меценат» деген құрмет бағамымен білдірді және адамдардың ауылдық жерде тұрақтап қалуы жолындағы игі істің өзгелерге үлгі болуы қажеттігін айтты.

Өз әкесінің өнегелі ісін кіші Александр Закусилов та жалғастырып келеді. Ол 15 жылдан астам уақыттан бері «Максимовское» ЖШС басқаруда. Былтырғы жылдың соңында серіктестік жетекшісі туған ауылына әлемдік хоккей лигасы талаптарына сай келетін жабық хоккей кортын сыйға тартты. Бірақ, бүгінгі күнге дейін мұнда арнайы жаттықтырушы болмаған екен. Облыс әкімі бұл мәселені қысқа мерзімде шешуге, хоккей жаттықтырушысы штатын бөлу қарастырылатынын атап өтті.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы облысы, Әкім,
Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT