Ақмол ауылында экскаватордың шөміші тиген жұмысшы мерт болды

None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында жұмысшы көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Биылғы 27 қазанда Целиноград аудандық полиция бөліміне кәсіпорындардың бірінің қызметкері қоңырау шалған.

Оның айтуынша, Ақмол ауылында кәріз құбырларын төсеу объектісінде экскаватор жүргізушісі жұмыс кезінде абайсызда әріптесін экскаватор шөмішімен жарақаттап алған.

Салдарынан жәбірленуші оқиға орнында қайтыс болды.

Осы фактіге сәйкес полиция бөлімі ҚР ҚК 156-бабының 3-бөлігі «Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.


Фото: polisia.kz



Соңғы жаңалықтар