+7 (701) 759 90 19
USD 387.37 EUR 428.55
RUB 6.06 CNY 55.06
Jańalyqtar

Аққұмда 500-ге жуық отбасы жерін тиімді пайдаланып, бау-бақшасын жайқалтып отыр

2019 жылғы 25 қыркүйек 18:51
Бөлісіңіз:
Аққұмда 500-ге жуық отбасы жерін тиімді пайдаланып, бау-бақшасын жайқалтып отыр

ТӨЛЕБИ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Төлеби ауданының әкімі ауылдарды аралап, тұрғындарды толғандырған өзекті мәселелермен танысты. Бауыржан Омарбеков Аққұм ауылдық округіне жүргізген зерделеу жұмыстарының нәтижесін және бірқатар проблемаларды талқылау үшін Момынай жалпы орта мектебінде округ тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Үкімет «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасын іске асырудың жаңа тетіктерін мақұлдады Үкімет ауылдардағы мәселелерді шешу үшін 900 млрд теңге бөлмек Ақтөбеде шалғай ауыл тұрғындары үшін электронды қызмет қолжетімді

Аудан басшысы алдымен Аққұм ауылдық округіне қарасты бірнеше мекеменің жұмысымен танысып, «Саябақ» алаңшасындағы Қапал батыр ескерткішінің құрылысын және жеке кәсіпкердің жаңадан салынған астық сақтайтын қоймасын көріп қайтты. Шаруашылықтағы 500 бас ірі қара мен 1500 бас ұсақ мал бордақылау алаңшасына барды. Тағы бір тұрғынның егістігі мен мал бордақылау алаңшасын, үй іргелік жерге еккен шырша, гүл түрлері, таңқурай, алма көшеттерін, өсіріп жатқан үй құстарын аралап көрді.

Бұдан кейін аудан әкімі округтің жағдайын саралау бойынша аудан әкімінің орынбасарлары мен дербес бөлім басшыларының жасаған жұмыстары туралы жиналысқа қатысты. Атқарылған жұмыс нәтижесінде ауылдық округте тұрғын үй мақсатында беріліп, бос жатқан 191 жер учаскесі бар екені, үй іргелік жерін 493 отбасы тиімді пайдаланып, 250 үй жеміс-жидек ағаштары мен жоңышқа дақылдарын еккені, округті көгалдандыру мақсатында егілген ағаштарды күтіп ұстау, қоршау, суғару жұмыстары төмен екені және 6,4 шақырым ішкі арықты тазалау жоспарланғанымен, оның 89% тазаланбай қалғаны анықталған.

Сонымен қатар, ауылда 22 жеке кәсіпкер жұмыс істеп тұр. 7 кәсіпкерлік нысанның екеуінің жері мақсатына сай емес, ал 3 кәсіпкерлік нысан кассалық аппаратсыз жұмыс істеген. Бір кәсіпкер лицензиясыз алкоголь сатып келген. Ал тұрғын үй саласында ертеректе салынып, құжаттары рәсімделмеген 11 үй, жаңадан салынған, бірақ ескі құжатымен тұрған 9 үй анықталып отыр. Осы орайда аудан әкімі үй иелеріне техникалық төлқұжатын, мемлекеттік актісін, қабылдау актісін жасатып, заңды тіркелуін қадағалау туралы тапсырма берді.

Аудан әкімі Бауыржан Омарбеков айтылған талдаулардан соң ауыл тұрғындарының ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Ауыл азаматтарын қоғамдық жұмыстарға, қолынан келетін істерге белсене араласуын, көгалдандыру және тазалық жұмыстарын жүргізу, кем-кетігі бар тұрғын үйлер мен сауда нүктелерінің құжаттарын осы бастан ретке келтіру керектігін айтып өтті.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT