Ақкөлдегі «КРМЗ» ЖШС биылғы жылдың бірінші тоқсанында 62,7 млн теңгенің өнімін өндірді - Ақмола облысы

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақкөл қаласындағы «КРМЗ» ЖШС биылғы жылдың бірінші тоқсанында 62,7 миллион теңгенің өнімін өндірген.

Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне аталған серіктестік директоры Алексей Тимошин мәлім етті.

Оның айтуынша, ауыл шаруашылығы техникаларына қажетті қосалқы бөлшектер шығарумен және өңдеумен айналысатын зауыт жұмысы жандана бастаған.

«2000 жылы құрылған кәсіпорынның жұмысы осы күні қарқын ала бастады. «Зауытта «Хорш», «Бюллер», «Класс», «Джон дир» және «Кейс» тәрізді шетелдік ауыл шаруашылығы техникаларына қажетті қосалқы бөлшектер мен өрт гидранты, су ағызатын колонка, С-415 М60 компрессорлар шығарылады.

Сондай-ақ, егіс кешендері мен соқа, тырма құрастырылады. Дайын өнім негізінен Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Ақмола облыстарына шығарылады. Биылғы жылдың алғашқы тоқсанында барлығы 62,7 миллион теңгенің өнімі өндірілді», - дейді А.Тимошин.

Соңғы жаңалықтар