Ақкөлде заманауи қонақ үй-емдеу-сауықтыру кешені салынуда
2022 жылғы 29 қаңтар 20:16

Ақкөлде заманауи қонақ үй-емдеу-сауықтыру кешені салынуда

АҚКӨЛ.ҚазАқпарат - Ақмола облысының Ақкөл қаласында апартаменттері бар қонақ үй-емдеу-сауықтыру кешені салынуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақкөл ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, апартаменттері бар қонақ үй-емдеу-сауықтыру кешені Ақкөл шетіндегі орман алқабындағы әсем табиғат аясында орналасатын болады.

«Жоспар бойынша мұнда төрт корпус болады, олардың әрқайсысы 50 демалушыға арналған, оған қоса жоспар бойынша бірнеше коттедж салу қарастырылған», - деп бөлісті ведомстводан.

Жобаның тапсырыс берушісі – «Sirius Plus» ЖШС, бас мердігер – «Trend Construction» ЖШС. Жобаның бірінші кезегі бойынша жалпы сомасы-1 миллиард 782 миллион теңгені (компанияның меншікті қаражаты) құрады.

Жоба бойынша құрылыстың бірінші кезеңінде 5 қабатты ғимаратты салу жоспарланған. Онда қабылдау бөлмесі, мейрамханалар, техникалық және әкімшілік аймақтар, стандартты пәтерлер мен люкс пәтерлер, монша кешені, 10 орындық тұрақ, өткізу пункті, ойын алаңы және барбекю аймағы орналасады.

Бұдан бөлек, қонақ үй нөмірлері бар сауықтыру кешені мен ашық бассейні бар сауықтыру СПА-кешенінен басқа, жобаға оқу орталығы, питомнигі бар жылыжай кешені, ат клубы, жасанды тоған, демалыс аймағы да орын тебеді.

«Кешен аумағында қала тұрғындарының демалуына қажеттінің барлығы қарастырылады», - деп толықтырды ведомстводан.

Құрылыстың бірінші кезегі 2022 жылдың бірінші тоқсанында аяқталады. Ал, толықтай 2025 жылға қарай тапсырылуы тиіс.


Jańalyqtar

MURAǴAT