Ақкөлде вагон аударылған жерді ТЖД қызметкерлері тазартуда

None
None
АҚКӨЛ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Ақкөл стансасында вагондар теміржолдан шығып, аударылып қалған жерде Төтенше жағдайлар қызметкерлері жұмыс істеуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ТЖД-ға сілтеме жасап.

Ақмола облысы ТЖД мәліметінше, 5 мамыр күні сағат 01.55-те Ақкөл қаласының аумағындағы 7-інші теміржол жолында №3495 жүк пойызы қалаға кіре берісте дизельді отын және битумды 8 вагон (цистерна) рельстен шығып кеткен.

«Олардың ішінде 5 вагон аударылып қалды (3 вагон жолдың оң жағына, 2 вагон сол жағына құлаған). Вагондардың аударылуы салдарынан бір бүтін цистерна жарылып, (төменгі бөлігінде ағызу мойны опырылып қалған), дизель отыны жерге төгілді. Тағы екі цистернадағы сұйықтық төгіліп, жерге сіңіп кеткен. Жанармай өртенбеді. Дизельді отын төгілген жер «көбікпен» жабылды», - деді ведомстводағылар.
null

Құтқарушылардың айтуынша, апаттан ешкім зардап шекпеген. Оқиға басқа пойыздардың қозғалысына кедергі келтірмеді. Қазір апат орнында тиісті жұмыстар жалғасып жатыр.
null

Айта кетейік, бұған дейін хабарлағанымыздай Нұр-Сұлтан-Көкшетау теміржол учаскесіндегі Ақкөл стансасындағы жүк пойызының 8 вагоны рельстен шығып, дизельді отын төгілген болатын.

Соңғы жаңалықтар