Ақкөлде Чернобыль АЭС-дегі зардапты жоюға қатысқандарға арналып стелла ашылды - Ақмола облысы (ФОТО)

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Ақкөл қаласында Чернобыль атом стансасындағы апатты жоюшыларға арналған стелла ашылды.

Орталық алаңда орнатылған стелланың ашылуы салтанатына Ақкөл ауданы әкімінің орынбасары Владимир Елесеев, Ақмола облыстық Чернобыль ардагерлер кеңесінің төрағасы Марат Жетеров пен осы апаттың зардаптарын жоюға қатысушылар мен аудан тұрғындары қатысып, гүл шоқтарын қойды.
Жиында атап өтілгендей, биыл Чернобыль апатына 30 жыл толып отыр. Оның зардаптарын жоюға 240 мың адам қатысса, кейінгі жылдары бұл көрсеткіш 800 мың адамға жеткен. Олардың арасында ақмолалықтар да бар. Бұрынғы Көкшетау облысы бойынша барлығы 2500-ге жуық адам қатысса, соның 82-сі ақкөлдіктер еді. Осы күні Ақмола облысында барлығы 500 адам, Ақкөл ауданы бойынша бар-жоғы 19 адам қалған.
«Осы жандардың жанқиярлық ерлігі мен қажырлы еңбегі арқасында ғана апат ауқымы қысқарды. Олардың көбі осы апаттың салдарынан өмірден ерте кетті. Бұл стелла Чернобыль апатын жоюшыларға құрмет пен тағзым», - деді В.Елесеев.
Салтанатты шара аудандық мәдениет үйінде жалғасып, Чернобыль атом стансасындағы апатты жоюға қатысқан бір топ ақкөлдіктер марапатталды.
2 3 4 5 6 7

Соңғы жаңалықтар