Ақкөл қаласының 64 жастағы тұрғыны үй маңында қара сора өсіріп келгені анықталды - Ақмола облысы

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында жүргізілген «Көкнәр», «Допинг» жедел-алдын алу шарасы барысында заңсыз есірткі тұқымды өсімдік өсірумен айналысқан 64 жастағы Ақкөл қаласының тұрғыны қолға түсті.

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Полицейлердің мәліметі бойынша, «Көкнәр», «Допинг» жедел-алдын алу шарасы барысында 64 жастағы Ақкөл қаласының тұрғынының үйінің маңынан 22 түп қара сора (конопля) өсіргені белгілі болды.

Сарапшылар анықтағандай, табылған қара сора 480 грамды құрайды. Қазіргі кезде тексеріс жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар