Ақкөл қаласында 250 келушіге арналған емхана пайдалануға берілді - Ақмола облысы (ФОТО)

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Дариға Назарбаева жұмыс сапарымен Ақмола облысына келді, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Сапар барысында вице-премьер Ақкөл қаласында жаңадан салынған 250 келушіге арналған емхананы пайдалануға беру салтанатына қатысты.

Аталған медициналық мекеменің меңгерушісі Ада Лищинскаяның айтуына қарағанда мұнда функционалдықа диагностика, рентгенологиялық, эндоскопиялық, физиотерапиялық, акушер-гинеколог кабинеттері жұмыс істейді. Сондай-ақ, ол кәсіби білікті мамандардың тартылғанын атап өтті.

«Емханада 25 дәрігер, 60-қа жуық орта медицина қызметкерлері жұмыс істейді. 26 мыңнан астам тұрғыны бар аудан орталығы үшін қазіргі заманғы медициналық құралдармен жабдықталған емхананың ашылуы маңызды», -деді А.Лищинская.

Еске сала кетейік, осы күні Ақмола облысының Державинск қаласында салынып жатқан емханасы бар 70 орындық аурухананың құрылысын да биылғы жылы аяқтау жоспарланған.

Оған қоса қазіргі кезде Бурабай ауданының Веденовка және Атамекен ауылдарында, Зеренді ауданының Троицкое ауылында және Есіл ауданының Интернациональное ауылында 25 келушіні қабылдайтын 4 дәрігерлік амбулаторияның және Астрахан ауданының Петровка ауылында фельдшерлік-акушерлік пунктінің құрылысы жүргізілуде.

Ал, маусым айында Целиноград ауданының Қабанбай ауылында 50 келушіге арналған дәрігерлік амбулаторияны пайдалануға беру көзделген.

null
null null 

Соңғы жаңалықтар