Әккі алаяқ Астана тұрғындарының 17 млн теңгесін қолды еткен

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Азаматтардың сеніміне кіріп, алаяқтық жолмен ірі көлемдегі қаражатты иемденген 35 жастағы әйелге қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды Астана ІІД баспасөз қызметі. 

«Қазақстанның бірнеше өңірінде балалар үйлеріне тауар жеткізу бойынша тендерге қатысамын деген сылтаумен азаматша Ж. алаяқтық жолмен азаматтарды ақша аударуға үгіттеген. Азаматтарды алдау арқылы алынған сома 500 мыңнан 17 млн теңгеге дейін жетеді. Бұдан бөлек, ол салынған сомаға байланысты азаматтарға ай сайын проценттер (10-20%) төлеуге уәде еткен», - делінген хабарламада.

Қазіргі таңда полиция қызметкерлері ҚР ҚК 190-бабы «алаяқтық жасау» бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Полицияға алаяқтық фактісі бойынша 15 адам шағым түсірген. Ә

Осы азаматшаның алаяқтық әрекетінен зардап шеккендерден Жансүгірұлы, 2 мекенжайындағы «Алматы» аудандық ІІБ-ге немесе мына телефондарға хабарласуын сұрайды: 716710, 716800, 716826, 87022680008, 87754000058, 87752388823.

Соңғы жаңалықтар