Әкімшілік Кодекс азаматтарға өз құқықтарын белсенді қорғауға мүмкіндік береді - сарапшы

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы Әділет департаментінің атқарушылық іс жүргізу бөлімінің басшысы Әнуар Жексеков ҚР жаңа Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің негізгі артықшылықтары туралы айтты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс (ӘРПК) - бұл белгілі бір жүйелендірілген тәртіппен әкімшілік құқық нормаларын қамтитын және азаматтардың, лауазымды адамдардың әкімшілік және сот органдарындағы әрекеттеріне шағым жасау тәртібін регламенттелетін, 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілген бірыңғай заңнамалық акт.

ӘРПК Әкімшілік (мемлекеттік) органдардың билік өкілеттіктері берілген шешімдерімен, әрекеттерімен (әрекетсіздігімен) жеке және заңды тұлғалардың келіспеуіне байланысты құқықтық дауларды реттеуге бағытталған.

Енді азаматтар мен мемлекеттік органдар арасындағы даулар жоғары тұрған органдарда және мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттар деп аталатын жаңа құрылған соттарда қаралатын болады, ал мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттар әкімшілік істер жөніндегі соттарға айналады», - деді ол.

Спикердің пікірінше, Әкімшілік кодекс әкімшілік органдар заң бұзған жағдайда азаматтарға өз құқықтарын қорғауға белсенді қатысуға мүмкіндік береді.

«Жаңа қағидаттар пайда болды, мысалы: Сенім құқығын қорғау, сенімділік презумпциясы, соттың белсенді рөлі, әкімшілік сот ісін жүргізудің мерзімі және т.б. Енді әкімшілік рәсімді жүзеге асыру кезінде жеке және заңды тұлғалар ұсынған материалдар, объектілер, құжаттар мен мәліметтер әкімшілік орган, лауазымды тұлға керісінше анықтағанға дейін сенімді болып саналады. Әкімшілік орган материалдардың, объектілердің, құжаттар мен мәліметтердің түпнұсқасына күмән болған кезде олардың түпнұсқалығын дербес тексеруге міндетті.

ӘРПК -де сондай-ақ «ақшалай өндіріп алуды» процестік мәжбүрлеу шаралары көзделген, яғни сот қатысушыларға айлық есептік көрсеткіштің оннан жүзге дейінгі мөлшерінде ақшалай өндіріп алу шарасын қолдануы мүмкін. Көбіне мемлекеттік органдардың өкілдері соттарға қатыспайды, бірақ соған қарамастан сот мемлекеттік органдардың пайдасына шешім шығарады. Егер мемлекеттік органның өкілі сот процесіне қатыспаса немесе құжаттар ұсынбаса, сот одан 20 айлық есептік көрсеткіш өндіріп алуы мүмкін. Бұл жаза соттың талаптары орындалмаған жағдайда бірнеше рет қолданылуы мүмкін, бұл өз кезегінде мемлекеттік органдарды тәртіпке келтіреді.

Сонымен қатар, ӘРПК нормаларына сәйкес мемлекеттік органның әрекеттеріне берілетін шағым, сол орган арқылы беріледі. Осындай шағым түскен жағдайда, мемлекеттік органның, егер бар болса, үш жұмыс күні ішінде жіберілген өтініштерді жоюға мүмкіндігі бар», - деп қорытындылады сөзін Әнуар Жексеков.


Соңғы жаңалықтар