Әкімшілік ғимараттарға Ashyq қосымшасын пайдаланбай және  бетпердесіз кіруге рұқсат етіледі
2022 жылғы 26 наурыз 13:00

Әкімшілік ғимараттарға Ashyq қосымшасын пайдаланбай және  бетпердесіз кіруге рұқсат етіледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әкімшілік ғимараттарға кіру үшін қойылатын санитарлық талаптардың өзгеруі туралы ҚР Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының Бас санитариялық дәрігерінің қаулысы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының Бас санитариялық дәрігерінің ағымдағы жылдың 25 наурызындағы қаулысына сәйкес мемлекеттік маңызы бар ғимараттарда азаматтарға «ASHYQ» қосымшасын пайдаланбауға және бетперде кимей жүруге рұқсат етіледі. «ASHYQ» қосымшасы арқылы кіру тек Ақорда ғимаратында ғана сақталады.

Осы қаулы 2022 жылғы 28 наурыздан бастап күшіне енеді.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT