+7 (701) 759 90 19
USD 389.59 EUR 429.06
RUB 6.05 CNY 55.07
Jańalyqtar

Әкімшілік айыппұлды төлеу мәселесі әлі де өзекті - ІІМ

2019 жылғы 17 қыркүйек 21:15
Бөлісіңіз:
Әкімшілік айыппұлды төлеу мәселесі әлі де өзекті - ІІМ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Ішкі істер министрлігі полиция мен халық байланысына елеулі өзгерістер әкелетін жаңа жұмыс моделіне көшеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қостанайлық полицейлер тұрғындарды ашық әңгімеге шақырды Алматы облысының тұрғындары ПД басшысына қауіпсіздікке қатысты проблемаларын айтты

Министр Ерлан Тұрғымбаевтың бастамасымен қолға алынған ай сайынғы «Жол үстіндегі қабылдау» акциясы аясында азаматтар көшелерде, алаңдар мен аулаларда және сауда орталықтарында полиция бөлімдері, әкімшілік және көші-қон қызметі басшыларынан кәсіби кеңес алды.

«Жол үстіндегі қабылдау» акциясының сәуірден қыркүйекке дейінгі алты кезеңі ішінде қала мен ауыл тұрғындары мейілінше көп шоғырланған аймақтарда орналасқан 5 мың мобилді полиция бекеттерінде 120 мың азаматтың өтініштері зерделенді. Бұған қосымша, телефонның «қауырт желісі» (2,5 мыңнан астам) және әлеуметтік желілер арқылы өтініш қабылданды.

«Бөлімше басшылары азаматтарды алдын ала жазылусыз және бюрократиясыз «кабинеттен тыс» қабылдады. Ал адамдар өз проблемаларын формалды емес жағдайда жедел шешуге мүмкіндік алды. Бұл, әрине, полицияның «әріптестік» қарым-қатынасын, сондай-ақ халықпен «кері байланысын» нығайтуға ықпал етті. Акция маусым айынан бастап екі форматта: тікелей «Жол үстіндегі қабылдау» және көппәтерлі үйлер мен тұрғын үй кешендерінің аулаларында ұйымдастырылған «Аулада қабылдау» түрінде жүргізілді» делінген хабарламада.

Акция барысында барынша өзекті болған мәселелер мыналар:

- Әкімшілік айыппұлдарды төлеу (22,4 мың өтініш)

- Жол қозғалысын ұйымдастыру (16,9 мың өтініш)

- Автокөлікті тіркеу (15,8 мың өтініш)

- Көші-қон қызметі (15 мың өтініш)

- Жүргізуші куәліктерін беру (11,4 мың өтініш)

- Автокөліктерді қайта жабдықтау (9,6 мың өтініш).

ІІО басқа қызметтері желісі бойынша 17,2 мыңнан астам сұрақ қойылды.

Сонымен қатар, тұрғындардан қоғамдық қауіпсіздік, жол қауіпсіздігі, көші-қон, тергеу және басқа салалардағы жұмыстарды жақсарту бойынша ұсыныстар келіп түсті.

Бұған қоса әлеуметтік желілер арқылы 25 мыңға тарта сұрақтар келіп түсті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қоғам, Заң, ҚР ІІМ, Қауіпсіздік,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT