Әкімшілік әділет шетел инвестициясының артуына сеп болады – Аслан Түкиев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әкімшілік әділет енгізудің тағы бір оң тұсы – ол шетелдік инвестицияның арта түсуіне септігін тигізеді. Мұндай пікірді ҚР Жоғарғы сотының судьясы Аслан Түкиев білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Барлық уақытта да инвестициялық тартымдылық үшін күресіп келеміз. Инвестициялық тартымдылық, белгілі бір ұлттық құзыретке инвесторлардың кіруі сол әкімшілік әділет құзыретінің болуымен айқындалады. Егер сіз халықаралық тәжірибеге жүгінер болсаңыз, әкімшілік әділет лайықты деңгейде жұмыс істейтін болса, онда инвесторлар өздерін жан-жақты қорғалғанын сезетіндігін және сол құзыретке өз инвестициясымен еркін қарайтындығын көресіз. Сол себепті әкімшілік әділет енгізудің тағы бір оң тұсы шетел инвестициясының арта түсуіне сеп болады», - деді Аслан Түкиев Орталық коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, 2020 жылдың 29 маусымында Мемлекет басшысы қол қойған Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс 2021 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді.

ҚР Жоғарғы сотының баспасөз хатшысы Айдос Садуақасовтың айтуынша, аталған кодекске сәйкес, жер учаскесіне, төлемақылар, берілуге тиіс лицензияларға қатысты мәселелер бойынша уәкілетті органмен немесе лауазымды тұлғамен арада даулар болған кезде, бұл істер азаматтық соттарда қаралады.

Елімізде 21 әкімшілік сот құрылады. Сонымен қатар аталған кодексте судьяның міндеттері белгіленген.


Соңғы жаңалықтар