Әкімнің жұмысы өте қызықты - Бақыт Сұлтанов

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үкіметтің бүгінгі отырысынан кейін Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов жаңа қызметі туралы айтып берді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әрине, бұл жұмыс өте қызықты. Бір жағынан жоғары талаптар қойылып отыр. Себебі Астана өсіп келеді, xалықтың саны да көбейіп жатыр. Сондықтан қызмет көрсету сапасын да арттыру қажет. Өткен жетіде Елбасы активпен болған кездесу кезінде біраз мәселелерді көтеріп, нақты тапсырмалар берді. Соның ішінде елорданы дамытудың жаңа моделін әзірлеу міндеті бар. Осыған байланысты әкімдік қысқа уақыттың ішінде Астананы дамытудың 2050 жылға дейінгі стратегиясын ұсынуы қажет. Біз осы жұмысты бастап кеттік», - деді Б.Сұлтанов журналистерге берген сұxбатында.

Әкімнің айтуынша, алда тұрған негізгі міндеттердің бірі - қысқа дайындық. Осы уақытқа дейін бірнеше жиналыс өтті.

«Мен өзім тиісті мекемелерді аралап шықтым. Дайындық жағынан барлық жұмыстар атқарылып жатыр. Сондықтан қала тұрғындарын ешқандай проблемаларға жол бермейміз деп сендіргім келеді», - деп атап көрсетті Б.Сұлтанов.

Соңғы жаңалықтар