Әкімнің тапсырмасы: Екі аптада Қарағандының даму стратегиясы әзірленбек

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов аппараттық жиналыс барысында Президенттің аймаққа іс-сапары барысында берілген Елбасының тапсырмасын орындау бойынша атқарылатын жұмыстар туралы айтты. Бұл туралы өңірлік әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлайды.

Әр бағыттар бойынша нақты шаралар құру қажет болады. Олардың жүзеге асырылуын облыс әкімі жеке бақылауға алады.

Ерлан Қошанов облыс орталығының дамуына қатысты мәселеге ерекше тоқталды.

«Біз Елбасын Қарағандының жаңа орталығын дамыту жоспарымен таныстырдық. Президент бұл бастаманы қолдады және біздің алдымызға Қарағандыны миллион тұрғыны бар қалаға айналдыру бойынша міндеттеме қойды. Осы мақсатта қаланы дамыту Стратегиясы мен оны жүзеге асыру бойынша Жол картасын құру тапсырмасы берілді», - деп атап өтті ол.

Ерлан Қошанов өзінің бірінші орынбасары мен Қарағанды қаласының әкіміне екі апталық мерзімде құжаттардың жобаларын құруды және оларды талқылауға шығаруды тапсырды.

Жаңа әлеуметтік нысандарды жоспарлау барысында қала тұрғындарының саны артатының ескеру қажет, деп атап өтті ол. Басым жобалардың бірі Қарағандының үшінші жылу шығаруышының құрылысы болып табылады. Облыс әкімі қаржыландыру мәселесін шешуді тездетуді тапсырды.

«Бұл жобаны жүзеге асырмайынша қаланы дамыту мүмкін емес - бізге барынша қажетті энергия қуаттары қажет болады. Екі-үш жылдан соң жылу шығарушы нысан жұмыс істеп тұруы тиіс», - деді Ерлан Қошанов.

Тұрғын үй құрылысын дамыту үшін ол жеке құрылыс компаниялармен жұмысты белсендірек етуді талап етті. Ерекше назарда «ақылды қала» жобалары мен сандық жүйеге ауысу жобалары болады.

Облыс әкімі сонымен қатар Қарағанды, Теміртау және Жезқазған қалаларындағы газ таратқыш желілердің құрылысына қатысты тапсырмалар берді. Теміртаудағы ЖЭО-2 жаңғырту бойынша жоспарлардың орындалуы ерекше бақылауға алынады. Ерлан Қошанов қай бағыттар бойынша жұмыстар үдетілетіні туралы тоқталды: олар - экологиялық жағдайда жақсарту, халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, инвестицияларды жұмылдыру, туризмді, шағын және орта бизнесті дамыту, жастарды жұмыспен қамту.

«Бұл атқарылатын жұмыстар. Біз қарқынды үдетуіміз қажет. Бағыттар анықталды, енді олардың әрқайсысы бойынша нақты шаралар жоспарларын дайындаңыздар», - деп талап етті Ерлан Қошанов.

Естеріңізге сала кетейік, 6-7 қыркүйекте ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев іс-сапарымен Қарағанды облысында болып қайтқан еді. Елбасы Достық үйінде аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелері бойынша жиналыс өткізді, онда бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Соңғы жаңалықтар