+7 (701) 759 90 19
USD 389.86 EUR 435.32
RUB 6.12 CNY 55.12
Jańalyqtar

Әкімдіктерде балалар мәселесі жөніндегі кеңесші болуы мүмкін

2019 жылғы 17 сәуір 18:46
Бөлісіңіз:
Әкімдіктерде балалар мәселесі жөніндегі кеңесші болуы мүмкін

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат -«Nur Otan» партиясы жанындағы Балалар құқығын қорғау жөніндегі республикалық кеңестің жұмыс тобы Қарағанды облысында болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сарапшылар мектептерде, балалар үйлерінде, денсаулық сақтау мекемелерінде болып, жалпы жағдаймен танысты.

Топ мүшелері жұмысты жетілдіру бойынша өз талдаулары мен ұсыныстарын Балалар құқығын қорғау жөніндегі өңірлік кеңестің отырысында ортаға салды.

«Nur Otan партиясы биліктің атқарушы органдарымен, қоғам өкілдерімен бизнес-қоғамдастықпен бірлесе отырып, ең алдымен көп балалы және аз қамтылған отбасыларды мемлекеттік қолдау құралдары туралы хабардар ету міндетін қояды. Партияның облыстық филиалында Балалар құқығын қорғау жөніндегі республикалық кеңестің аймақтық тобы жұмыс істейді», - деді Nur Otan партиясының Қарағанды облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қадиша Оспанова.
null

Жиында 150 көпбалалы ана топқа көмек сұрап келді. Негізгі мәселелер әлеуметтік жәрдемақы алуға, балаларды балабақшаларға орналастыру, тұрғын үй проблемасына қатысты болды.

«Кеңейтілген жұмыс тобының құрамында біз Қарағанды, Шахтинск, Бұқар жырау және Қарқаралы аудандарында орналасқан 40 нысанды аралап көрдік. Сіздің өңірде кеңестің құрамына атқарушы билік органдарының өкілдері ғана емес, сонымен қатар азаматтық қоғамның өкілдері де кіреді. ҮЕҰ, бизнес-құрылымдар-барлығы осы жұмысқа қатысуы тиіс. Таза тұрмыстық жағдайларға қатысты көптеген сұрақтар бар. Бұл мәселелерді шешу үшін нақты отбасы мен адамға қатысты проблеманы шешу керек», - деп атап өтті Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі республикалық кеңестің сарапшысы Рысты Жұмабекова.

Ол жақын арада облыс әкімдіктерінде балалар мәселелері бойынша кеңесшілер пайда болуы мүмкін екенін жеткізді. Бұл ұсыныс орталық деңгейде қаралатын болады.

Айта кетсек, сарапшылар балалар құқығын қорғау жүйесін жетілдіру бойынша барлық ұсыныстарды жинап және үлгілік жол картасын әзірлейді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT