Әкімдіктер бағаны тұрақтандыру шараларын қабылдау керек – Асқар Мамин

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әкімдіктер бағаны тұрақтандыру шараларын қабылдау керек. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Азық-түліктің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету – қазақстандықтардың тұрмыс сапасының басты факторларының бірі. Биылғы қалыптасқан жағдайда Үкімет пен әкімдіктер өнім өндіруді, сақтауды және барлық өңірлерге жеткізуді қамтамасыз ету бойынша шаралар кешенін қабылдады.

Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың шекті бағасы белгіленді, бағаны тежеу міндеттемесімен «қайтарымды схема» арқылы сауда желілеріне жеңілдікті қарыз беру практикасы кеңейтілді. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілді, форвардтық сатып алу механизмі енгізілді», - деді Үкімет басшысы.

Оның сөзіне қарағанда, осы шаралар әлеуметтік маңызы бар тауардың бағасын 4,4 пайыз деңгейінде тұрақтандыруға мүмкіндік берді, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 2 есе аз.

«Алматы қаласының бағаны тұрақтандыру бойынша және осы бағытта нақты жүргізілген жұмысын атап өткен жөн. Қалада «қайтарымды схема» үшін жедел түрде қаражат бөлінді, бұл тұрақтандыру қорларын дер кезінде толықтыруға, сатып алынатын әлеуметтік маңызы бар тауарлардың тізімін кеңейтуге мүмкіндік берді. Осы ретте, барлық әкімдіктер бұл бағыттағы жұмысты белсенді жалғастырып, бағаны тұрақтандыру шараларын қабылдау керек, бұл үшін тиімді құралдар бар. Әкімдіктер алдын алу шараларын дер кезінде қабылдаса, бағаның тұрақтылығы мен оны тежеу қамтамасыз етіледі», - деді Асқар Мамин.


Соңғы жаңалықтар