Әкімдіктер ауыл шаруашылығы субсидиясын басқа мақсаттарға жұмсамауы керек - министр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда ауыл шаруашылығы субсидияларының тиімділігін бағалау жұмыстары жүргізіледі.

Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2020 жылы Үшінші индустрияландыру бағдарламасын іске асыру басталды. Биыл 17 мың жұмыс орнын құру мен 1,1 трлн теңгеден астам сомаға 160 жобаны пайдалануға беру жоспарланған. Сонымен бірге, экспортқа бағдарланған кәсіпорындарға жан-жақты қолдау көрсетіледі. Ал ішкі нарық өндірушілеріне қолдаудың толық пакеті ұсынылады», - деді Р. Скляр Үкімет отырысында.

Сонымен бірге, министр ауыл шаруашылығы субсидияларының тиімділігін бағалау әдістемесі енгізілетінін еске салды.

«Осы мақсатта 2020 жылы республикалық бюджеттен жергілікті бюджетке трансферт - 200 миллиард теңгені құрайды. Сонымен бірге, әкімдіктер қаржыны агроөнеркәсіптік кешенге қатысы жоқ басқа мақсаттарға бағыттау тәжірибесін тоқтатуы тиіс. Осылайша, Ауыл шаруашылығы министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірге азық-түлік импортының үлесін азайту және елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмысты қамтамасыз етеді», - деді Роман Скляр.


Соңғы жаңалықтар