Әкімдіктер ауа сапасы нашарлағанда көліктер мен кәсіпорындарға шектеу енгізе алады – Жаңа экологиялық кодекс

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жаңа Экология кодексінде жергілікті атқарушы органдардың қоршаған орта мәселелеріндегі өкілеттіктері күшейеді. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Көліктің ауаны ластау мәселесін шешу үшін электр қозғалтқышы бар көлік құралдарын пайдалануды ілгерілету жұмыстар жүруде. Ол үшін биыл маусым айында утилизациялық алымға «нөлдік» ставка енгіздік. Сондай-ақ, «Өндірушінің кеңейтілген жауапкершілігі» операторымен тиісті инфрақұрылымды құру мақсатында электр көліктерін зарядтау станцияларын дамыту туралы пилоттық жоба іске асырыла бастады. Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында жүзден астам зарядтау станциялары жұмыс істейді», - деді Мағзұм Мырзағалиев бүгінгі Үкімет отырысында.

Министрдің айтуынша, биыл ұзындығы 3 мың шақырым ірі қалааралық трассаларда 46 жаңа электр көліктерін зарядтау станциясын орнату жоспарланған.

«Жаңа Экология кодексінде жергілікті атқарушы органдардың қоршаған орта мәселелеріндегі өкілеттіктерін едәуір күшейту және кеңейту көзделген. Кодекс күшіне енген соң әкімдіктер әрбір 5 жыл сайын қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін және оны жақсарту жөніндегі шараларды бекітуге тиіс. Одан бөлек, әкімдіктерге ауа сапасы нашарлаған кезде көлік құралдарының кіруіне шектеу енгізу құзыреті берілді. Сондай-ақ қолайсыз метеорологиялық жағдайларда, мысалы, желсіз жағдайда, әкімдіктер ластаушы кәсіпорындардың қызметіне уақытша шектеулер енгізе алады», - деп түсіндірді М. Мырзағалиев.


Соңғы жаңалықтар