Әкімдікке көлігімен «кірген» ақтөбелік бірнеше миллион теңге айыппұл төлейді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбелік кәсіпкер Бауыржан Анапин әкімдікке көлігімен «кіргені» үшін айыппұл төлейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс әкімдігі істерінің басқармасы мен Ақтөбе облысы әкімінің аппараты қалалық сотқа азаматтық шағым түсірді. Іс материалына сүйенсек, 2018 жылы 12 мамырда сағат 12:10-да ақтөбелік «Nissan Patrol» көлігімен әкімдікке кіріп барды. Сол кезде қызметтік көлікті де зақымдаған.  Ақтөбе облыстық мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен Б.Анапин Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 608-бабы бойынша айыпты деп танылып, 5 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.
Ал әкімдік зақымдалған көлік шығынын 757 мың теңге, ал кіре беріс есіктің шығынын 2 миллион 505 мың теңгеге бағалады. Азаматтық арызды қараған Ақтөбе қалалық соты Бауыржан Анапиннен  3 262 981 теңге өндіруге шешім шығарды. 

Еске салсақ, 2018 жылдың мамыр айында ақтөбелік әкімдікке көлігімен «кіріп» кетті. Оның мас күйінде көлік жүргізгені белгілі болды.  Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің «Ұсақ бұзақылық» бабы бойынша айыпталып, 10 күнге қамалды. 

Соңғы жаңалықтар