Әкімдік жас дәрігерлерді қолдауы тиіс - Елжан Біртанов

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысына Үкімет делегациясы құрамында болған ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қостанай қаласының №4 емханасының ұжымымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ел астанасынан келген мейманды қарсы алған емхананың бас дәрігері Маргарита Бисенова өткен жылдың басты көрсеткіштері туралы мәлімет берді.

«Емхана Қостанайдың оңтүстік бөлігінің тұрғындарына қызмет көрсетеді. Бүгінде бізде 39 бөлімше бар, онда 17 дәрігер жұмыс істейді. 15 терапевтік және 8 педиатриялық бөлім ашылды. Тұрғындар санының көптігінен педиатрия бөлімін жапқан жоқпыз», - деп түсіндірді М. Бисенова.

Айта кетейік, №4 емхана - 2017 жылдан бастап, цифрландыру элементтерін енгізген қаладағы жалғыз клиника.

«2017 жылдан бастап KIIS жүйесінде жұмыс істеп келе жатырмыз. Өткен жылдың мамыр айынан бері амбулаторлық карта толығымен жойылды. Барлығы 55 мың карта мұрағатқа көшірілді. Бүгінде 2001 жылдан 2005 жылға дейін туған балаларға арналған электронды карталар толығымен жасақталды. Халықтың 98% денсаулық паспортының деректер базасына енсе, 16% «Даму-Мед» қосымшасын пайдаланады», - деді М.Бисенова.

Министр аталмыш емхананың жұмысына жақсы бағасын берді. Сондай-ақ, ол жас дәрігерлерді қолдау туралы сөз қозғады.

«Былтыр қазан айында Мемлекет басшысы дәрігерлерді ынталандыруды тапсырды. Жылдың бірінші жартысында барлық медицина қызметкерлерінің еңбекақысын көтеру үдерісін бақылаймыз. Маусым айынан бастап медицина қызметкерлеріне 30% жалақы төленетін болады. Мемлекет басшысы жалақыны бір ай бұрын арттыруды тапсырды. Қаражат бар, яғни, жаңа маусымнан бастап біз жалақыны көбейтуге дайынбыз», - деді Е.Біртанов.

Е. Біртановтың айтуынша, өңірде кадр жетіспеушілігі және заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету мәселесі айтарлықтай білінеді. Дегенмен, аталған емхананың басшылығы бұл мәселені шешуге үшін Астана қаласымен 5 және Қарағандымен 9 келісімшарт жасады. Олардың біреуі терапевт болса , қалғаны - жалпы тәжірибе дәрігері.

«Шындығында, бір дәрігердің екі жұмысты қатар істеуі кездеседі. Кейде аудандық медбикелерге де осындай жүктеме түседі. Әрине, дәрігерлердің көп ақша табуына қарсы емеспіз, бірақ дәрігерлерге ондай көп жұмыс жүктеуге болмайды. Биылдан бастап біз дәрігер мамандығын мемлекеттік грант бойынша оқығандардың үш жыл бойы тұрақты жұмыс істеуін қадағалайтын боламыз. Осы жылы бізде бір жарым мыңнан астам дәрігер жұмысқа кіріседі. Жыл сайын 5-6 мың дәрігер бітіреді, бірақ олардың көпшілігі жеке секторға кетіп қалады. Қазір олармен жұмыс жүргізіледі. Жергілікті билік тарапынан жас мамандарға қолдау көрсетуді талап етеміз. Сондықтан әкімдер жас мамандарды қолдау керек. Премьер-министр ауылдағы жас мамандарды қолдау шараларын жүйелеуді тапсырды. Олардың ішіне тұрғын үймен қамтамасыз ету кіреді», - деп түйіндеді Е.Біртанов.

Соңғы жаңалықтар