Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 14 °С
Алматы: 12 °С
USD 328.95 EUR 386.38
RUB 5.27 CNY 51.50
Жаңалықтар

Әкімдік Сарыөзекте «Айсбергтің» қайдан пайда болғанын түсіндірді

2018 жылғы 14 ақпан 16:37 1098
Бөлісіңіз:
Әкімдік Сарыөзекте «Айсбергтің» қайдан пайда болғанын түсіндірді

ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысындағы Сарыөзек ауылында мұзды тау пайда болды. Жергілікті тұрғындар ол жерге суретке түсіп, әлеуметтік желіге таратып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Атырауда шахтада қаза болған бала өліміне қатысты тың деректер пайда болды Шри-Ланкада нөсер жауын 5 адамның өмірін қиды

Ал Кербұлақ ауданының әкімдігі тұрғындар арасында «Айсберг» атанған мұздың қайдан пайда болғанын түсіндірді.

«Ол жерде құбыр жарылып, атқылаған. Соңында осындай көрініс пайда болды. Қазір мұз еріп жатыр. Тесілген жері қайтадан жөнделеді. Бірақ құбырдың тесілуіне байланысты апатты жағдай туындаған жоқ. Тұрғындар ауыз сумен тұрақты түрде қамтылуда», -деді Кербұлақ ауданы әкімінің орынбасары Болысбай Момбаев.

Айта кету керек, Райымбек ауданында да осындай мұзды тау бар. Бірақ ол құбырдың жарылуынан емес, жерасты суының атқылауынан пайда болған.


Басты сөздер: Оқиға, Алматы облысы,
Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
Редактор
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
Мұрағат