+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Әкімдік Олимпиада жүлдегері Ниязымбетовке 32 млн теңгеге пәтер алып бермек

2017 жылғы 27 наурыз 01:24
Бөлісіңіз:
Әкімдік Олимпиада жүлдегері Ниязымбетовке 32 млн теңгеге пәтер алып бермек

АҚТАУ. ҚазАқпарат - 2016 жылы Рио де Жанейрода өткен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, маңғыстаулық боксшы Әділбек Ниязымбетовке құны 32 млн теңге тұратын пәтер сатып алып берілмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.



«ҚР 2014 жылдың 3 шілдесіндегі «Дене шынықтыру мен спорт туралы» № 228 заңының 8 бабы бойынша, қалалық, облыстық маңыздағы жергілікті атқарушы орган Олимпиада, Паролимпиада және Сурдолимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін баспанамен қамтамасыз етеді. Осы заңның 47 бабында аталған спорттық додалардың жүлдегерлері мен жеңімпаздарының баспанамен қамтамасыз ету ережелері белгіленген. Онда пәтердің шаршы метрі туралы талап жоқ, алайда, Олимпиаданың күміс жүлдегеріне 2 бөлмелі пәтер беріледі»,-деді Маңғыстау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасындағы дереккөз.

Оның ай туынша, заңда сонымен қатар пәтердің спортшының жеке иелігіне берілетіндігі айқын көрсетілген. «Иа, ондай қаржы бөлінді, бұл соманың облыстық мәслихат сессиясында бөлінуі маңызды»,-деді басқармадағы өкілдер.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айдар Оспаналиев

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT