Әкімдік халыққа ескерту жасады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімдігі көк тайғаққа байланысты тұрғындарға ескерту жасады, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.

Алматыда 21 ақпан күні түстен кейін жауған жаңбырдың соңы қарға ұласты.

«Жолдың көлік жүретін бөлігінде мұз қатып,  салдарынан жол апатының болу қаупі жоғарлады. Осыған байланысты жүргізушілерге жеке көліктерін пайдаланудан бас тартып, қоғамдық көлікпен жүруді ұсынамыз. Жеке көлікпен жүруге қажеттілік артқан жағдайда, көлік жүргізушілерін жылдамдықты азайтып, асықпай жүруге шақырамыз», - делінген хабарламада.     

Алматы әкімдігі жаяу жүргіншілерге арнайы тротуармен жүргенде сақ болуды, көп қабатты үйлердің шатырынан қар, мұз құлауы мүмкін болғандықтан, биік үйлерге жақын жерден жүрмеуге кеңес береді. 

Соңғы жаңалықтар