15:47, 07 Қараша 2019 | GMT +6
Әкімдік: Алматыда автобус жолақысының нақты құны - 250 теңге
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімдігі қоғамдық көлікте жүріп-тұрудың нақты орташа құнын атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бүгінде нақты тариф орта есеппен 250 теңгеден асады. Яғни, жол ақысы - 250 теңге. Бірақ қала билігі 7 жыл бойы 80 теңге тарифін ұстап отыр, биыл сегізінші жылға кетті », - деді Алматы қалалық мобильділік басқармасы бастығының орынбасары Ерлан Әділов Алматыда өткен брифингте.
Оның айтуынша, өткен жылы әкімдік тасымалдаушы компанияларға 9 миллиард теңге субсидия берген. Биыл осы мақсатта субсидия көлемі шамамен 20 миллиард теңге болмақ. Бұл бүкіл қала бюджетінің 1/15 бөлігін құрайды.
Қазір Алматыда 14 автобус паркі жұмыс істеп тұр.