Әкімдік «Ақтөбе» футбол клубын не үшін сатып жатқанын түсіндірді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе әкімдігі футбол клубын жекешелендіру мен футболшылар алдындағы қарыз мәселесі туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елімізде орны ерекше «Ақтөбе» футбол клубы 7 жылға сенімгерлік басқаруға беріліп, кейін сатылатыны туралы ақпарат шықты. Бұған дейін хабарлағанымыздай, клуб құны - 100 миллион теңге.

Ал бүгін облыстық қаржы басқармасы клубтың сатылу себебін түсіндірді. 

«Өңірде 2016-2020 жылдарға арналған жекешелендіру кестесі белгіленді. Кешенді жоспарда 9 нысан бар. Соның бірі - «Ақтөбе» ФК. Жекешелендіру ережесіне сәйкес комиссия бастапқы құны 100 миллион теңге болады деп шешті. Сайтқа хабарландыру берілді. Қызығушылық танытып отырған адамдар туралы айта алмаймыз. Ал өтпеген жағдайда екінші кезең бар. Сол кезде тағы ақпарат беремін. Банкроттық туралы ештеңе айта алмаймын»,- дейді облыстық қаржы басқармасының басшысы Гүлназ Сисенова. 

Ал облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы клубтың жалпы қарызы туралы ешқандай мәлімет айта алмады.

«2018 жылы футболшылар алдында қарызымыз жоқ. Олар жалақысы мен сыйақысын алып отыр. Қарыз 2014-2016 жылдары аралығында жиналған. Негізі бәрі жалақыны алған тек сыйақылары ел заңнамасына сай есептелмеген. Қарыз туралы нақты айта алмаймын. Ал басқарма бұрынғы футболшыларға қатысты азаматтық арыз түсірген еді. Келісім жүріп, арыз қайтарып алынды»,- деді басқарма басшысы Мейрамбек Махамбетов.

Соңғы жаңалықтар