Әкімдердің цифрлық орынбасарлары пайда болуы мүмкін

None
None
НҰР-СҰЛТАН.ҚазАқпарат – Облыс әкімдері мен республикалық маңыздағы қала әкімдерінің цифрлық орынбасарлары пайда болуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы «Ашық НҚА» порталында жарияланған қаулы жобасында айтылған.

Құжатқа сәйкес ҚР Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы «Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» № 150 Жарығына «Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері, олардың бірінші орынбасарлары, орынбасарлары және цифрлық орынбасарлары (Chief Digital Transformation Officer, CDTO)деген жолдар қосу ұсынылған.

Жоба 2022 жылдың 27 сәуіріне дейін жария талқылауда болады. Толық мәтінді мына жерден көруге болады.

Бұған дейін ҚР Үкіметіне екі айдың ішінде өз аппаратының, орталық және жергілікті атқарушы органдар жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың санын екі есе қысқарту жүктелгенін жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар