Әкімдер тұрақты жұмыс орындарын құруға басымдық берсін – Үкімет басшысы

None
Фото: t.me/Kzgovernment
АСТАНА. ҚазАқпарат –Премьер-Министр Әлихан Смайылов ишкізаттан басқа салаларға инвестиця тарту жұмыстарын күшейтуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сыртқы және ішкі сын-қатерлерді ескере отырып, алдағы айларда да экономиканың тұрақты өсу қарқынын ұстап тұрудың өте маңызды. Осыған байланысты министрлер өңір әкімдерімен бірлесіп, экономиканы одан әрі әртараптандыру мен тұрақты жұмыс орындарын құруға басымдық беруі қажет», - деді ол.

Премьер-Министр елдегі индустриялық аймақтарды дамытуға баса көңіл бөлу қажеттігін еске салды.

«Іскерлік белсенділікті арттырып, экономиканы сапалы дамыту үшін ішкі және сыртқы инвестиция тарту, жоспарланған инвестициялық жобалар пулын іске асыру жұмысын күшейту керек. Әсіресе шикізаттан басқа салаларда. Өңірлерде бизнес-бастамаларды жандандыру мақсатында индустриялық аймақтарды, Алматы және Шымкент қалаларының тәжірибесі бойынша шағын өнеркәсіптік парктерді одан әрі дамытуды қамтамасыз ету қажет», - деді Әлихан Смайылов.


Соңғы жаңалықтар