Әкімдер төлем терминалдарын орнатқаны үшін пара алған

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі пара алған әкімдерді ұстады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Агенттіктің ресми өкілі Нұржан Жаxиннің айтуынша, Түркістан облысы Кентау қаласының Ащысай және Хантағы ауылдық округтерінің әкімдері өз кінәларын мойындады. "Қабылбеков және Ержігітов әкімдік ғимараттарында төлем терминалдарын орнату туралы келісімшарттарын жасау үшін 40 және 50 мың теңге көлемінде пара алды. Олар өз кінәларын толығымен мойындады. Осыған байланысты әкімдерге қатысты ұстау шарасы қолданылған жоқ. Айыптаушылар сотқа берілді", - деді Н.Жаxин Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Айта кетейік, бұған дейін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бөлім басшысын 1,7 млн теңгемен ұстағаны туралы видеоны жариялаған болатын.  Ал Қарағанды облысы бойынша сот сараптамасы институтының басшылығы патологанатомдық қызметке заңсыз жарнама жасап, сол үшін жүйелі түрде пара алып келген. 

Соңғы жаңалықтар