Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 15 °С
Алматы: 18 °С
USD 339.95 EUR 392.64
RUB 5.30 CNY 52.51
Жаңалықтар

Әкімдер полицияның алдына міндеттер қоя алатын болды

2018 жылғы 14 наурыз 11:45 1908
Бөлісіңіз:
 Әкімдер полицияның алдына міндеттер қоя алатын болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жергілікті полиция және ішкі істер органдары басқармаларының арасында қайшылық фактілері орын алды. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тұрғымбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
23 жастағы жігітті өлтірген қостанайлық полицейге үкім шықты ОҚО-да сотталып кете жаздаған жасөспірім ақыры 14 жастағы қызға үйленетін болды

Жалпы отырыста палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ішкі істер органдарының қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

«Жергілікті полиция және ішкі істер органдары басқармаларының арасында қайшылық фактілері туындады. Жергілікті полиция бөлімдері арасында жасырын қақтығыстар болған. Тіпті, аудандық бастықтардың облыстық жергілікті полиция басшыларына бағынбаған фактілері анықталған. Осында жағдай тексеру кезінде де расталды. Әсіресе, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Ақмола облыстарында. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, құқықтық тәртіптің негізі - ол қатаң бағыну. Сондықтан министрлік тиісті заң жобасын әзірледі. Біріншіден, ішкі істер департаменттері негізінде полиция департаменттерін құру. Бұл аумақтық ішкі істер департамент құрылымына тек полиция міндеттерін атқаратын бөлімшелер кіруімен байланысты. Екіншіден, министрлікке бағынысты етіп полиция департаменттерін және жергілікті полиция қызметін қосу. Сонда дара басшылық әрі тікелей бағынушылық ұстанымдары сақталады, сондай-ақ теріс факторлар жойылады», - деп атап өтті министрдің орынбасары.

Бұдан бөлек ол әкімдердің полиция органдарына қоятын міндеттеріне де тоқталды.

«Үшіншіден, әкімдерге полиция органдарына құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету міндеттерін қою, сондай-ақ Ішкі істер министрінің ұсынысы бойынша полиция департаменті бастықтарын тағайындау және босату құқығы беріледі. Бұл құқықбұзушылық профилактикасында әкімдердің рөлі мен жауапкершілігі күшейтіледі. Осы ретте департамент басшысы жылына бір рет әкім мен халықтың алдында есеп береді», - деді Ерлан Тұрғымбаев.

Оның сөзіне қарағанда, заң жобасы аясында полиция департаменті құрамына жергілікті полиция кіреді. Осы орайда жергілікті полиция бір басқарма болып бекітіледі және оның атауы жергілікті полиция болып сақталады. Бүгінде жергілікті полицияның жеке құрамында 35 адам қызмет етуде.

«Бұрын жергілікті полицияны әкім тағайындайтын, ал департамент басшысын министр бекітетін», - деді министрдің орынбасары.

 

 


Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
Мұрағат