+7 (701) 759 90 19
USD 427.41 EUR 519.47
RUB 5.78 CNY 66.38
Jańalyqtar

Әкімдер халықты вакциналау жұмысын күшейтуі қажет – Ералы Тоғжанов

2021 жылғы 4 мамыр 09:47
Бөлісіңіз:
Әкімдер халықты вакциналау жұмысын күшейтуі қажет – Ералы Тоғжанов

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Халықты жаппай вакциналау мәселесі бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізу қажет. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Оқушыларды қашықтан оқыту вирус жұқтыруды 50 пайыз төмендетті – Жеңіс Қасымбек Қош бол, локдаун! Британия тұрғындары шектеулердің алынғанын тойлап жатыр Денсаулық министрлігі вакциналау арасындағы интервалды нақты анықтауы керек – Асқар Мамин

«Эпидемиологиялық жағдай Үкіметтің күнделікті бақылауында. Өңірлерде қажетті көлемде вакцина бар. Дегенмен, келесі бағыттар бойынша нақты іс-шаралар қабылдануы қажет. Біріншіден, әкімдерден халықты вакциналау бойынша жұмысты ары қарай күшейтуді сұраймыз. Оның ішінде ауыл тұрғындарын егумен қамтуды арттыру қажет. Екіншіден, халықты жаппай вакциналау мәселесі бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізу маңызды. Егу пункттерінің жұмысы туралы және қолжетімді вакциналар жөніндегі ақпарат тұрғындарға кеңінен таратылуы қажет», - деді вице-премьер.

Үшіншіден, Ералы Тоғжанов кәсіпкерлік нысандарына «Ashyq» жобасын енгізу жұмыстарын жалғастыру керектігін баса айтты.

«Бүгінде бұл бағдарлама республика бойынша 3 мыңға жуық бизнес субъектілерінің шектеу іс-шараларына қарамастан қалыпты жағдайда жұмыс істеуіне мүмкіндік беріп отыр. Бүгінде 650 мың адам осы бағытта жұмыс істеп жатыр. Алайда, бағдарламаны бизнеске енгізу көрсеткіштері Ақмола, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында әлі де төмен. Бұл бағытта барлық өңірде жұмыс күшейтілуі қажет. Оның ішінде вебковид ақпарат жүйесіне ауруға шалдыққандар және байланыста болғандар туралы деректерді уақытында енгізу әкімдердің ерекше бақылауында болуы тиіс», - деді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT