Әкімдер есебі: Интернеті жоқ ауылдарда халықпен кездесу офлайн өтеді

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында аудандар мен қалалар әкімдерінің халықпен қорытынды есеп беру кездесулері әкімдіктердің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында онлайн өтеді. Жеклеген жағдайларда жергілікті телеарналарда трансляциялар жүргізілетін болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыс әкімдігінен мәлім еткендей, қолайлы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы бар өңірлерде, сондай-ақ интернеті жоқ ауылдық елді мекендерде халықпен кездесу офлайн өтеді.

«Бұл ретте барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталатын болады. Қатысушылар саны 30 адамнан аспауы тиіс. Егер көп болса, онда топтар бойынша кезекпен өтеді.

Аудандар мен қалалар әкімдерінің есептік кездесулері 1 ақпаннан басталады, ал 13 қаңтардан бастап ауылдар мен кенттер басшыларының есептері өтуде.

Қалалар мен аудандарда ұсыныстар мен ескертулерді жинау үшін Call-орталықтың телефоны жұмыс істейтін болады», - делінген ақпаратта.


Соңғы жаңалықтар