Әкімдер азық-түлік бағасына қатысты ықпал ету шараларын қабылдамаған - Сұлтанов

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бірде-бір әкім сауда нысандарына заңмен белгіленген ықпал ету шараларын қабылдамаған. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2019 жылы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның өсуі 10,4 пайызды құрады. Биылғы жылдың қаңтар айында біз маусымдық бағаның 0,3% пайызға өскенін байқаймыз. Бұл ретте, ол өткен жылғы қаңтарға қарағанда екі есе төмен және алдыңғы жылдардың алғашқы айларындағы бағаның өсуімен салыстырмалы. Аталған өсімдердің себептерін айтатын болсақ. Астық түсімінің төмендеуіне және экспорттың ұлғаюына байланысты объективті факторларды есепке алмағанда, олар баға мониторингі және жедел шаралар қабылдау бойынша әкімдіктердің жеткіліксіз белсенділігін көрсетеді», - деді ол.

Министрдің айтуынша, өткен жылы барлық өңірлерде шекті бағадан асқан 67 жағдай тіркелді. Бірақ, бірде-бір әкімдік рұқсат етілген шекті бағаны бекіту рәсімдерін қолданбаған және сауда нысандарына заңмен белгіленген ықпал ету шараларын қабылдамаған. Қаңтар айында шекті бағадан асып түскен қайтадан 7 жағдай тіркелді. Алайда әкімдіктер тарапынан тағы да ешқандай іс-қимыл болған жоқ.

«Мысалы, Қостанай облысында жалпы әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағаларының 0,7 пайызға төмендеуіне қарамастан, тауық еті және жұмыртқа бойынша бағаның бекітілген шегінен артқаны байқалады», - деді Бақыт Сұлтанов.


Соңғы жаңалықтар