Әкім жетім балаларды өз үйіне қонаққа шақырды - Ақтөбе

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат -Ақтөбеде аудан әкімі Жолдас Қалмағамбетов балалар үйінің тәрбиеленушілерін өз үйіне қонаққа шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысы, Темір ауданының әкімі қараша айында балалар үйіне барып, олардың тілегін тыңдаған болатын. Сол кезде Борик Колесников әкімнің шаңырағына барып, қонақ болуды қалайтындығын айтқан. Бұл тілек Жаңа жыл мерекесі күні орындалды.

«Борис Колесников өз арманын айтып, әкімнің үйіне қонаққа баруды қалады. Бұл арманы орындалған соң оның жігері артып, болашаққа сенімі күшейді. Қазір жадырап, қанаттанып жүр. Отбасы үлгісіндегі балалар үйінде 10 бала тәрбиеленіп жатыр. Екі тәрбиеші жұмыс істейді. 5 қыз, 5 ұлдың бәрі мектепте білім алады. Олар бос уақытында спортпен шұғылданып, қолөнермен айналысады. Домбыра тартып, ән шырқайды», - деді балалар үйінің тәрбиешісі Жанар Кокаманова.

Айта кетейік, Темір ауданындағы балалар үйі 2001 жылы ашылды. Жаңа жыл мерекесінде балаларға ұялы телефон сыйға берілді. Ал жергілікті кәсіпкер балалардың әрқайсысына қазақтың ұлттық киімін тіктіріп берді. Қазақ тілін жетік меңгерген балалардың кейбірі дәнекерлеуші болуды армандаса, бірі ән айтқанды қалайды.

Соңғы жаңалықтар